Иран мен Қазақстанның арасына әуе рейстері қайта ұшады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта жанданады деп хабарлайды, ҚазАқпарат.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Биылғы 20 сәуірден бастап ирандық «Kish Air« әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық ұшуды орындауды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады», - делінген хабарламада.

Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге жүзеге асады.


Соңғы жаңалықтар