Иран қазақстандық кәсіпкерлерге жеңілдетілген визалық режимді береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилумен визалық режимді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бізде екі елдің азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер болды. Соның нәтижесінде тиісті құжатқа қол қойылды. Оған сәйкес, Иран мен Қазақстан кәсіпкерлері үшін визаны жеңілдетіп беру шаралары қарастырылған. Жалпы, барлық азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасауымыз қажет. Осы орайда тиісті жоспарлар бар. Негізі, Иран Ислам Республикасы көрші мемлекеттер үшін жеңілдетілген визалық режимді орнатуға, я болмаса, оны мүлдем алып тастауға мүдделі", - деді М.Дамирчилу ҚазАқпарат тілшісіне берге сұxбатында.

nullАйта кетейік, бүгін елші М.Дамирчилудың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталып отыр. Осыған байланысты бүгін ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әдбіқалықова оны Ақордада қабылдады. "Иранның президенті бірнеше рет келіп кетті. Біздің Елбасымыз да сапармен барды. Сол кезде индустиялдық-инновациялық және сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылды. Жобалардың жалпы құны - 1,3 млрд теңге. Қазіргі кезде осы саладағы жұмыс атқарылып жатыр. Ал Қазақстан мен Иранның арасындағы сауда-саттық бір жылда 550 млн долларға жетті. Дегенмен, он жыл бұрын аталған көрсеткіш 2 млрд доллар болған. Сондықтан әлі де біраз жұмыс жасау қажет. Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында уақытша сауда аймағын құру туралы келісім рәсімделген болатын. Соның аясында екіжақты сауда айналымы артады деген үміт бар", - деп атап көрсетті Г.Әбдіқалықова.

Соңғы жаңалықтар