+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Иран Ирактағы АҚШ-тың екі әскери базасын зымыранмен атқылады

2020 жылғы 8 қаңтар 08:42
Бөлісіңіз:
Иран Ирактағы АҚШ-тың екі әскери базасын зымыранмен атқылады

БАҒДАТ. ҚазАқпарат – АҚШ пен олардың одақтастарының күші шоғырланған Ирактағы екі әскери базаға Иран ракеталық шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ Қорғаныс министрінің қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Джонатан Хоффман мәлімдемесінде 7 қаңтар күні кешкі 17:30 шамасында Иран әскерилері Ирак аумағында орналасқан АҚШ-тың әскери объектілері мен әскери коалицияларына 12-ден астам баллистикалық ракета жіберген. Иран ракеталарды Әл Ассад және Ирбид екі әскери базасына бағыттағаны анық.

Пентагон өкілі қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі есептеліп жатқанын айтты.

«Соңғы күндері Ираннан төнген қауіп-қатерге жауап ретінде АҚШ Қорғаныс министрлігі қызметкерлері мен серіктестерін қорғаудың барлық амалдарын жасап жатыр. Иран режимі біздің күштерімізге шабуыл жасап, аймақтағы мүддемізге қарсы әрекеттерді жоспарлағандықтан, бұл екі база жоғары дайындықта болды. Жағдайды бағалай отырып, біз аймақтағы АҚШ қызметкерлерін, серіктестер мен одақтастарды қорғау үшін барлық шараларды қолданамыз. Өзгерістер болса, хабардар етіп отырамыз», - деп атап өтті Джонатан Хоффман.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм Twitter-дегі парақшасына АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның кеңесшілері жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.

«Ирактағы АҚШ базасына шабуыл жасалғаны бізге мәлім. Президентке ақпарат бердік. Ол жағдайды бақылауда ұстап, өзінің ұлттық қауіпсіздік тобымен ақылдасып жатыр», -деп мәлімдеді АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм.

Ақ үйге Қорғаныс министрі Марк Эспер мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео келді.

BBC ирандық басылымдарға сілтеме жасай отырып, Ислам революциясының күзет корпусы америкалық базаларға Сүлеймани генералдың өліміне байланысты кек алу үшін оқ жаудырды деп мәлімдеді. Америкалық базаларға 30-дан аса зымыран ұшырылған. Құрбан болған адамдар туралы мәлімет әзірге белгісіз. Иран телеарнасы Әл-Асадтағы базаны зымыранмен атқылау сәтінен кадрлар көрсетті.

Бұған дейін хабарланғандай, CNN телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Ислам революциясы жоғарғы көшбасшысының әскери кеңесшісі Хаменеи Хоссейн Дехган «Кудс» Ислам революциясы күзет корпусының арнайы жасақ басшысы, генерал Касем Сүлейманидің өліміне байланысты әскерилер мен әскери объектілерге қарсы қимылдар болуы мүмкін екенін мәлімдеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT