Ирактағы жарылыстан 12 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Ирактың Мосул қаласында қуатты жарылыс болды. Жанкешті жасаған жарылыстан 12 адам опат болып, 20 адам зардап шеккен, деп хабарлайды ТАСС.

Ирак әскерилерінің ақпаратына сүйенсек, жанкешті лаңкес ұрыс тоқтамайтын қаланы тастап кетіп бара жатқан бір топ адамдардың арасында өзін-өзі жарып жіберген.

Зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар бар. Елдің қауіпсіздік қызметі шабуылды «Ислам мемлекеті» террористік тобы (Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған) жасады деген болжамға келді.

ИМ-ді Ирактағы үлкендігі бойынша екінші қаладан шығарып жіберу науқаны өткен жылдың қазан айында басталған. Осы уақыт ішінде Ирактың әуе қорғаныс күштері мен АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әскери құрылымдарының қолдауымен Шығыс Мосулды босатып, қаланың батысындағы бірқатар аумақты бақылауға алды.  

Соңғы жаңалықтар