Ирактағы ракета шабуылынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамптың тапсырмасымен Бағдат әуежайына жасалған ракета шабуылынан кейін мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Brent маркалы мұнай фьючерсі 2,9 пайызға көтеріліп, бір баррелі 68,16 долларға жетті.

Америкалық мұнай фьючерсі 2,8 пайызға өсіп, баррелі $62,86 болды.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бір айда бір жылдық өсімге жеткендіктен, мұнай бағасы әлі де өсуі мүмкін.

«Сарапшылар бұл жағдай өңірдегі шиеленісті арттырып, мұнайдың әлемдік өндірісіне әсер етуі мүмкін екенін айтуда», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, мұнай бағасының өсімі қанша уақытқа созылатынын нақты болжау қиын. Мысалы, қыркүйек айында Сауд Арабиясындағы шабуылдан кейін мұнай 14 пайызға қымбаттаса да, бірнеше күннен кейін баға қайтадан төмен түскен еді.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Ирактағы халықаралық әуежайды ракетамен атқылап, 8 адам көз жұмғанын жазғанбыз.


Соңғы жаңалықтар