Иракта коронавирустан көз жұмған алғашқы адам тіркелді

None
None
БАҒДАТ. АНАДОЛУ- ҚазАқпарат – Иракта коронавирустың жаңа түрінен (Сovid-19) алғаш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі Курд өңірлік әкімшілігінің мәлімдеуінше, 4 наурызда Сулеймания провинциясында 63 жастағы ер адам коронавирустан көз жұмған.

Жергілікті баспасөздің ақпараты бойынша, ер адам имам болған, ол ауырып, жағдай күрт нашарлаған соң сол күні ауруханаға түскен. Ер адамның жүрегі ауырған, оған бұрын үш мәрте ота жасалған.

Соңғы мәлімет бойынша Иракта коронавирус жұқтыруға қатысты 32 жағдай тіркелген.

Еске сала кетсек, коронавирустың жаңа түрі (Covid-19) 2019 жылы 12 желтоқсанда Қытайдың Хубей провинциясындағы Ухан қаласында табылды. Инфекция тез арада басқа қалаларға және елдерге тарап кетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп мойындады. Вирус адамнан адамға ауада таралып, жұғады. Симптомдары: Ыстық көтеріледі, тамақ ауырып, жөтел, демікпе пайда болады, іш өтеді. Кейін пневмония мен бауыр жетіспеушілігіне айналып, салдары өлімге соқтыруы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар