Ирак депутаттары елден шетелдік әскерилерді шығару туралы резолюция қабылдады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Ирак депутаттары үкіметті АҚШ және басқа да шетелдік әскерлерді ел аумағынан шығару үшін шешім қабылдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ирак үкіметі кез келген шетелдік әскерлердің Ирак жерін, әуе және су жолдарын пайдалануына тыйым енгізуге күш салуы керек», - делінген жексенбі күні қабылданған құжатта.

Парламенттік резолюция үкімет үшін заң сияқты міндетті болып саналмайды. Алайда бұған дейін Ирак премьер-министрі Адель Абдул Махди депутаттарды шетелдік әскерилердің қатысуымен жасалатын әрекеттерді мейілінше жылдамдатып аяқтауға шақырған еді.

Парламентте дауыс беру АҚШ-тың әуе соққысы жасалғаннан кейін болды.

Еске салсақ, 3 қаңтарда Бағдат халықаралық әуежайына жасалған ракета шабуылынан 8 адам көз жұмды. Ракеталар «Аль-Хашд аш-Шааби» шиит жасағына қарсы бағытталған болатын. Кейіннен бұл америкалық Пентагонның операциясы екені белгілі болды.

Айта кетейік, ракета шабуылынан қаза тапқандар арасында ирандық Ислам революциясы әскерлері корпусының арнайы мақсаттағы «Аль Кудс» қарулы күштерінің қолбасшысы Касем Сүлеймани де бар.

Ал, АҚШ Президенті Трамп Иранның маңызды нысандарын атқылау мүмкіндігін жоққа шығармады.


Соңғы жаңалықтар