USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Инженерлік құрылыстардың едәуір бөлігі сейсмика талаптарына сай емес

2021 жылғы 6 желтоқсан 17:00
Бөлісіңіз:
Инженерлік құрылыстардың едәуір бөлігі сейсмика талаптарына сай емес

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасының орынбасары, депутат Балаим Кесебаева азаматтық қорғау саласындағы проблемалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҰҚШҰ Бас хатшысы Тәжікстанға көмек көрсетуді ұсынды Алматыдағы жағдай тұрақталды – полиция департаменті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

«Біріншіден, елдің сейсмикалық қауіпті аудандарында өнеркәсіптік әлеуеттің 40 пайыздан астамы шоғырланған және ел халқының жартысына жуығы тұрады. Бұл ретте сейсмикалық қауіпті аудандардағы өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың едәуір бөлігі сейсмикалық тұрақтылық талаптарына сай келмейді. Екіншіден, республикада су тасқынының әсеріне ұшырауы ықтимал 925 қауіпті учаске бар, оның ішінде 189 елді мекенге еріген қар суы қауіп төндіреді. Аймақтарда қажетті алдын алу инженерлік іс-шараларын жүргізу бойынша мақсатты жұмыстардың болмауы су басудан келетін залалды азайтуға кедергі келтіреді», - деді Б. Кесебаева Мәжілістегі «Азаматтық қорғау жүйесін дамыту туралы» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, осының салдарынан шұғыл шаралар қабылдауға және су тасқыны мен су басудың салдарын жоюға, зардап шеккен халыққа келтірілген материалдық залалды өтеуге олардың алдын алуға қарағанда әлдеқайда көп қаражат жұмсалады.

«Республика аумағында сел, шөгу және көшкін қаупі бар учаскелер саны артуда. Республиканың таулы аудандарында қар жамылғысының жай-күйін бақылау желісінің жеткілікті дамымауы көшкін қаупін болжау сапасын төмендетеді. Шөгу қаупі бойынша мониторинг және ғылыми зерттеулер әлсіз жүргізілуде. Ғимараттар салуға тыйым салу, тұрғындарды қауіпті аймақтардан көшіру, тиімді қорғану құрылысжайларын салу жөніндегі шешімдер орындалмай отыр», - деді депутат.

Сонымен қатар Б. Кесебаева аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары ауданының ауқымды болуы айтарлықтай проблема болып отырғанын атап өтті. Жыл сайын көктемгі-жазғы кезеңде эпидемиологиялық ахуал шиеленісе түседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT