Интернет телевизияны реттеу нормалары дайындалады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл ақпарат саласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспары қабылданады. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент алдымызға қойған келесі стратегиялық міндет – ақпарат саласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспарын қабылдау. Құжат аясында қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізілетін болады... Біріншіден, біз мемлекеттік ақпарат саясатын жетілдіреміз. Ол үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс тетіктері қайта қаралады. Біз нарықтық тарифтер енгізу арқылы санға емес, сапаға ұмтыламыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, халықтың арасында шынайы сұранысқа ие мультимедиялық контентті Интернет желісінде ілгерілету үшін мемлекет субсидия беретін болады.

«Екіншіден, біз коммерциялық телеарналар мен радиостансалардың цифрлық эфир тарату алаңында өз орнын алуы үшін қолдау көрсетеміз. Үшіншіден, телеарналар мен радиоарналардың, интернет-ресурстардың аудиториясын өлшеуге арналған өз жүйемізді дайындаймыз. Бұл жүйе БАҚ-тың 2021 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындаудағы тиімділігін анықтау үшін қажет. Төртіншіден, интернет телевидениені реттеу нормаларын дайындау басталады», – деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар