Интернет арқылы шәйге тапсырыс беріп, есірткі алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Борисова тұрғыны интернет арқылы шәйға тапсырыс беріп, есірткі алған. Бұл туралы БЕЛТА Минск қалалық атқару комитеті ҚІІБ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Милициядан мәлім еткендей, 4 мамырда жедел жәрдем психикалық белсенді заттардан уланған ер адамды ауруханаға жеткізген.

«Ауруханаға жеткізілген Борисованың 32 жастағы тұрғынының жеке заттарын тексеру кезінде жасыл түсті 10 грамм ұнтақ табылған. Жүргізілген сараптамада көрсетілгендей, ол есірткілік зат - митрагинин болып шыққан», - деді Қалалық ішкі істер басқармасында.

Ер адамның айтуынша, ол этникалық шәйлар сататын украиндық сайт арқылы тапсырыс берген.  Ол шәйдің ақшасын онлайн арқылы төлеген, кейін оған тапсырысын пошта арқылы салып жіберген. Ол ұнтақты сумен араластырып ішеді. Минскіге келгеннен кейін өзін жайсыз сезіне бастаған.

 Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 328-бабы 1-бөлігі (есірткілік заттарды, психикалық белсенді заттарды заңсыз сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар