+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Интернет арқылы сауда жасаған петропавлдық 1 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды

2021 жылғы 24 маусым 14:45
Бөлісіңіз:
Интернет арқылы сауда жасаған петропавлдық 1 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл тұрғынын интернет арқылы 800 мың теңгеге алдады деген күдікпен 23 жастағы алматылық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл сәуір айында Петропавл тұрғыны полицияға арызданып, өзінің интернет-алаяққа алданғанын айтқан.

Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде хабарландыруды көріп, көтерме бағамен балалар киімін алмақшы болады.

Әйел «сатушыға» 800 мыңнан астам теңге аударады, кейін алаяқ байланысқа шықпай қояды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша енгізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмысқа Алматы облысының 23 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады.

Полицейлер күдіктіні қызметтік іссапар барысында ұстады. Енді оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін материалдар Алматыға жіберілмек.

«Адамдар интернет арқылы заттарды сату және сатып алуда сақ бола бастағанымен, алдын ала төлем талап етумен байланысты алаяқтық әлі күнге дейін кездеседі. Желіде ұсынылатын тауар мен қызметтерді тексеру, қосымша фото, бейне материалдарды талап ету қажеттігін ескертеміз», - дейді Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.

Полицейлердің айтуынша, кең таралған алаяқтықтың бірі – «банктің қауіпсіздік қызметінен» қоңырау шалу.

Адамдарды ұсынылған шотқа ақша жіберуге немесе құпиясөздерді, банк картасының сырт жағындағы cvv-кодтарын, есепшотқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін басқа да құпия ақпаратты жіберуге көндіреді.

«Тағы бір тәсіл – қашықтықтан қол жеткізу қосымшасын телефонға орнату туралы ұсыныс жасау, бұл қосымша арқылы қылмыскерлер ұялы телефонға, сәйкесінше, барлық шоттарға қол жеткізе алады. Бөтен адамдардың нұсқауымен белгісіз бағдарламаларды жүктемеуге және пайдаланбауға шақырамыз. Сондай-ақ, картаның нөмірі мен cvv код сияқты құпия мәліметтерді талап ететін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеген жөн». , - дейді Дархан Зияфиддин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT