Инфрақұрылымдық жобалар қандай шартпен жүзеге асырылады - министр түсініктемесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы аясындағы жобаларға жұмысшылардың кемінде 50 пайызы халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдасасы арқылы тартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфрақұрылымдық жобалар келесі шартпен жүзеге асырылады. Аталған жобаларға жұмысшылардың кемінде 50 пайызы халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы арқылы тартылады. Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жобаларды іске асыру кезінде тауар мен көрсетілетін қызметтің үлесі кемінде 90 пайыздан болуы тиіс», - деді Біржан Нұрымбетов.

Оның атап өтуінше, іріктеу кезінде көп жұмыс күшін талап ететін, жұмыспен қамтылуының ұзақтығын қамтитын жобаларға басымдық беріледі. Бұл ретте жұмысшылардың жалақысы 85 мың теңгеден төмен емес мөлшерде белгілеу шарты қойылады.

«Жол картасына бөлінетін қаражаттың жалпы лимитін өңірлер арасында экономикалық белсенді халық санына қарай бөлу ұсынылады. Жергілікті әкімдіктер инфрақұрылымдық жобаларды тиісті салалық орталық мемлекеттік органдармен келісе іріктейді және Үкімет деңгейінде бекітілетін болады. Еңбек министрлігі тарапынан «Жұмыс орындарын құру картасы» ақпараттық жүйесі арқылы жобаларда құрылған жұмыс орындарының, онда қабылданған жұмыссыздардың саны бойынша мониторинг жүргізіледі«, - деді министр.


Соңғы жаңалықтар