Индустрияландыру картасы: Биыл 17 мың жұмыс орны ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасы аясында биыл елімізде 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Индустрияландыру картасы аясында тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-газ химиясы, мұнай өңдеу, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі салаларында 1,1 трлн теңге сомасына 160 жобаны іске асырып, 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған», - делінген министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, жобалардың басым бөлігі Алматы (33 жоба) және Ақтөбе (20 жоба) облыстарында іске асырылады. Қаржыландыру көлемі бойынша Қарағанды (256,4 млрд теңге) және Алматы (230,2 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр.

Отандық кәсіпкерлер бастамашы болған барлық жобалар банктердің меншікті және кредиттік ресурстары есебінен жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар