Индустрияландыру картасы: Алматыда 98,5 млрд теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасы аясында биыл Алматыда 13 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Алматы қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, химия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс индустриясы сияқты салаларда 98,5 млрд теңгенің 13 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Сонымен қатар, мегополисте 2025 жылға дейін 17 жоба іске қосылады.

Министрлікте атап өткендей, жобалар туралы толық ақпаратты үшінші тұлғаларға жобаға өтініш берушілердің келісімінсіз беруге болмайды.


Соңғы жаңалықтар