Индустрияландыру бағдарламасы Өскемен тұрғындарын 7 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы диверсификация мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тұрақты әрі теңгерімді өсуіне бағытталған.

Екі бесжылдық кезеңінің ішінде жұмыспен қамтылған өскемендіктер саны 7000 адамға жеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірдің ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Өңірде мемлекеттік бағдарламаның көмегімен жаңа жұмыс орындары ашылып, іске қосылуда. Мысалы, алғашқы бесжылдықта ИИД МБ (2010-2014 жылдары) Өскеменде 18 инвестициялық жоба, соның ішінде 164,6 млрд. теңгелік 10 жоба жүзеге асты. Бұл өндіріс облыс орталығында 2500 жұмыс орынмен қамтамасыз етті.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында Өскеменде іске қосылып жатқан 11 жоба жүзеге асуда. Жалпы сомасы 127 млрд. теңге болатын «Азия-Авто Қазақстан» АҚ, «Мелисса» ЖШС, «Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ, «Балум КазСервис» ЖШС, «Өскемен ТМК» АҚ.

2015-2019 жылдардағы жобалар іске қосылса Өскеменде 4500 жұмыс орны құрылады. Өскеменде бұл мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қажетті дүниелердің барлығы жетерлік: табиғи байлықтар, индустриалды база, білім алу мен біліктілікті жетілдіруге ұмтылатын адамдар. 

Соңғы жаңалықтар