+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Индустрияландыру бағдарламасы: 212 мың жұмыс орны ашылды

2021 жылғы 2 сәуір 17:20
Бөлісіңіз:
Индустрияландыру бағдарламасы: 212 мың жұмыс орны ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрияландыру бағдарламасы іске қосылған 2010 жылдан бері 1527 кәсіпорын іске қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 2,2 млн адамның онлайн жұмысқа көшуіне мүмкіндік бар Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды Шығыс Қазақстанда 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

«2010 жылдан бері Индустрияландыру бағдарламасының аясында 1527 жоба іске қосылған. 500-дей жаңа тауарлардың өндірісі жолға қойылды. Атап айтсақ, Ақтөбеде теміржол рельстері, Кентауда трансформатор шығаратын 4 зауыт ашылды. Автобустар мен автомобильдер шығаратын кәсіпорындар салынып, киім және кілем өнідірісі дамыды», - деді «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаевтың айтуынша, былтыр индустрияландыру бағдарламасының аясында ашылған өндіріс ошақтары жалпы өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнімнің 35 пайызын берген.

«Инудстрияландыру бағдарламасы басталған 2010 жылдан бері 9 трлн теңгеден астам ақша түсті. 212 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Былтыр жалпы өңдеу өнеркәсібінде 13 трлн теңгенің өтауары өндірілсе, соның 35 пайызы, яғни 4,6 трлн теңгесі Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылған жобалардың үлесіне келеді», - деді комитет төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT