Индустрия министрлігінің сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментіне жаңа басшы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлан Орынбасарұлы Есімов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімімен Нұрлан Орынбасарұлы Есімов ведомствоның сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды.
Ол 1983 жылғы 11 қарашада дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, 2015 жылы Ұлыбританиядағы Данди университетін тәмамдады («Болашақ» бағдарламасының түлегі).
2008 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және мемлекеттік мүлік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы болды.
2014 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің заң департаментіне жетекшілік етті.
2015-20017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінде инспектор, мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.
2017 жылдың маусымынан 2020 жылғы шілде айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі қызметін атқарды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.


Соңғы жаңалықтар