Индонезиядағы жер сілкінісі: 26 адам қаза тауып, 600-ден астамы зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индонезияда өткен тәулікте болған бірнеше жер сілкінісінен кем дегенде 26 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Соңғы дерек бойынша, 26 адам қаза тапқан, олардың барлығы Мамуджу қаласының тұрғындары», - деді табиғи апаттар салдарын жою агенттігінің қызметкері. Сондай-ақ ол құрбандар санының әлі де өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Егер жаңа жерасты дүмпулері бұрын тіркелгендерден гөрі күштірек болған жағдайда цунамидің болу қаупі бар.

Мамуджу қаласындағы аурухана ғимаратының үйінділері астында 10-нан астам адам қалып қойған.


Соңғы жаңалықтар