Индонезиядағы жанкүйерлері Димаштың әнін ұлттық аспаптарда орындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергеннің «Любовь уставших лебедей» әні индонезиялық гамеланмен орындалды. Осылайша, алыс шетелдегі фан-клуб сүйікті әншісіне зор құрметін жолдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Гамелан – Ява және Бали аралдарында пайда болған дәстүрлі индонезиялық музыкалық ансамбль. Гамеланның негізін бонанг, гендер, гонг, кенданг, кенонг, сарон, ребаб және басқа да музыкалық аспаптар құрайды. Олардың кейбіреулері қазақ халық музыкалық аспаптарымен ұқсастығы бар. Мысалы, ребаб – қобызға ұқсас әдемі ішекті аспап, ал кенданг – қазақ дауылпазының ойнау техникасына ұқсас ұрмалы аспап.


«Жақында Димаштың индонезиялық «DID» фан-клубының Кики Чан есімді бойжеткені қазақстандық орындаушы репертуарындағы Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» әнінің аспаппен орындалған үніне гамелан орындаған әуенді қосты. Жаңа караоке-нұсқасын ұсынды. Көптеген Dears бұл нұсқаны өздерінің каверлеріне пайдаланады», - делінген хабарламада.

Болашақта Кики Чан әнді өзіне ыңғайлы етіп шырқау үшін синденді шақыруды жоспарлап отыр. Фан-клубқа қатысушылардың бірі Нита Тамрин мәтіннің индонезиялық нұсқасын жазып, жоспарды жүзеге асыру үшін синденге хабарласты.


Соңғы жаңалықтар