Індеттен саяси астар іздеу орынсыз - Нұржан Әлімжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Індет ешқандай да мемлекеттің саяси құралы емес. Бұл ойды Жаңа жыл мерекесі күні карантин талаптарын сақтауға шақырып, пікір білдірген актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлімжанов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«2020 жыл еліміз үшін сыны көп, ауыр жыл болды. Індет өнердегі асыл азаматтарымызды арамыздан жұлып кетті. Бұл қиын сәт әлі де жалғасып жатыр. Аты жаман аурудан қашан құтылатынымыз беймәлім. Сондықтан мүмкіндік болса, Жаңа жылды отбасымызбен қарсы алып, сақтанып, үйде болғанымыз жөн. Мемлекет тарпынан қабылданып жатқан шаралар жан-жақты зерттелген. Қазіргі жағдайдан саяси астар іздеу немесе оған сенімсіздік таныту орынсыз деп ойлаймын. Коронавирус ешқандай да мемлекеттің саяси құралы емес. Аз қазақ бір-бірімізді аялап, өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарайық. Қорыққанға қос көрінеді. Босқа дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Өйткені қорыққан сайын иммунитет әлсірейді», - деді Нұржан Әлімжанов.

Сонымен қатар өнер иесі барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.


Соңғы жаңалықтар