+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Имамдар вакцина шыққан сәттен оны салғыза бастады – Бас мүфти

2021 жылғы 15 шілде 17:45
Бөлісіңіз:
Имамдар вакцина шыққан сәттен оны салғыза бастады – Бас мүфти

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шариғат вакциналауға қарсы емес. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы вакциналау жөнінде мәлімдеме жасады. Жалпы шариғат вакциналауға қарсы емес. Ерікті түрде қалаған адам екпе салдыра алады. Алла тағала қасиетті Құранда «Өз қолдарыңмен өз жандарыңа, денсаулықтарыңа зиян жеткізбеңдер» дейді. Сондықтан, ҚМДБ қарасты көптеген имамдарымыз вакцина алғашқы шыққан сәттен бастап қабылдады. Ал орталық аппаратқа келсек, діни басқарма қызметкерлерінің 90 пайызға жуығы вакцина алып үлгерді. Шариғат ел амандығы үшін, адамның амандығы үшін соған үндейді, насихаттайды», - деп жауап берді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, биыл құрбандық шалатын арнайы орындарда «ASHYQ» мобильді қосымшасы іске қосылады. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді, «көк», «жасыл» мәртебесі барлар ғана кіргізіледі.

Сонымен бірге, құрбандық шалатын қасапшы мен қасапханаға да арнайы талаптар қойылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT