Илон Маск тағы да әлемнің ең бай адамы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Forbes құрастыратын қазіргі уақыттағы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Масктың дәулеті 200 миллиард доллардан асып, нарықтар жабылған кезде 203,4 миллиард долларды құрады.

Рейтингіде екінші орында Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Оның байлығын Forbes 197,7 миллиард долларға бағалады. Тізімдегі үшінші орында 175,2 миллиард долларлық дәулеті бар Louis Vuitton иесі Бернар Арно тұр.

Қаңтарда Маск Безосты басып озып еді, алайда ол бірінші орнын сақтап қала алмаған болатын.

Forbes атап өткендей, Масктың дәулеті Tesla акцияларының тұрақты өсуінен кейін артты. Олар 2%-ға қымбаттап, 2021 жылдың ақпан айынан бастап жабылған кездегі ең жоғары бағасына – 791,36 долларға жетті.


Соңғы жаңалықтар