ІІМ тергеушілері үш тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне хабарласуын сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті «Төленді», «Арна-Дан»/НИПИ» және «Sofia Elit» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшыларының үстінен бірқатар қылмыстық іс қозғады.

Оларға «Столичный-2», «Көктал-2», «Аниса-1», «Аниса-2», «Аниса-3», «Абат», «Венера», «Тельман кенті», «Аманат», «Комсомольский», «Метро-1», «Метро-2», «Экспо», «Золотая Миля» және «150 лет Абая» тұрғын үй кешендерін салу барысында үлескерлердің ақшаларын жымқырып, алаяқтық жасады деген айып тағылуда.

Жоғарыда көрсетілген тұрғын үй-құрылыс кооперативімен үлескерлік келісімшарт жасасқан тұрғындарға ҚР ІІМ Тергеу департаменті мына мекен-жай бойынша хабарласуды сұрайды: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 немесе мына нөмірлерге байланысуға болады (87172) 71-42-96, 71-40-22, 71-42-16, 8701-590-96-20, 8775-737-30-01 немесе 102.

Соңғы жаңалықтар