ІІМ еліміз бойынша азаматтарды онлайн қабылдауды ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың басшылығымен барлық өңірлік бөлімдерде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған іс-шара ел тұрғындары тап болған мәселелерді шешуге және ішкі істер органдарының қызметі бойынша тұрғындарға әртүрлі кеңестер беруге бағытталған.

«Азаматтардың қауіпсіздігіне, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты проблемалық мәселелер барлық деңгейлерде шұғыл шешуді талап етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз заманауи технологияларды пайдалану арқылы ведомствоның барлық басшылығы және оның аумақтық бөлімшелерінің, оның ішінде аудандық полиция бөлімдері мен ҚАЖ мекемелері басшыларының қатысуымен онлайн режимде азаматтарды қабылдауды жүргізуді бастадық», - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Тіркелушілердің бәрін қабылдап үлгеру үшін министрмен бірге оның орынбасарлары және ІІМ-нің өңірлік құрылымдардың басшылары да қабылдау жүргізді. Жалпы алғанда, Министрлік басшылығы бірнеше сағат ішінде 70-ке жуық адамды қабылдады.

Келіп түскен барлық өтініштерге байланысты Ерлан Тұрғымбаев тиісті қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін материалдарды министр жеке бақылауға алды. Бұл материалдар бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданып, тексерулер жүргізілетін болады.

«Министрлік «халықпен кері байланыс» орнату бойынша барлық шараларды қабылдауда. Сонымен қатар, қабылдауға жазылғандардың саны жергілікті жерлердегі халықтың барлық проблемалары құқықтық шешімін таппай отырғанын көрсетеді. Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмасын орындау аясында және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асыру барысында бірде-бір өтініш пен арыз назардан тыс қалмауға және ден қойылуға тиіс. Бүгін біз тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен арыздарды қарау бойынша жұмысын саралаймыз, бұл бағытта біздің бөлімшелердің басшыларына тиісті баға берілетін болады», - деп нақтылады ІІМ басшысы.

Азаматтарды қабылдау өңірлерде де өтуде. Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық полиция органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің басшылары және олардың орынбасарларына 500-ден астам адам жазылды.

Азаматтарды осындай форматта қабылдау үнемі жүргізілетін болады


Соңғы жаңалықтар