ІІМ Алматы облысында автобустың апатқа ұшырауына не себеп болғанын айтты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданында көлік апатына түскен оқушылырдың барлығы Алматы қаласындағы №134 мектеп-гимназиясында білім алады. Бұл жөнінде ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында Қопа стансасына жақын жерде мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус жол апатына ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста Алматы қаласы № 134 мектеп-гимназиясының 47 оқушысы болған. Көлік ауыл жолымен жүріп келе жатқанда кенеттен алдынан шыққын жылқыны айналып өтпек болған. Сөйтіп жолдың шетіне шығып кеткен. Сегіз оқушы мен мұғалім жарақат алды. Бес бала ҚР ІІМ ТЖК медициналық-құтқару пунктінің медициналық арнайы автомобилімен, тағы үш оқушы мен мұғалім Дегерес ауылы фельдшерлік пунктінің автокөлігімен Ұзынағаш ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді» делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство ақпаратына сәйкес, оқиға орнында патруль полициясы, ТЖ және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар