ІІМ ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ІІМ ақпараттық жүйесінде туындаған техникалық ақаулықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың 5 қаңтарында ІІМ ақпараттық жүйесінің жаңартылуына байланысты «көлік құралын тіркеу» және «жүргізуші куәліктерін беру» қызметтерін көрсету уақыты ұзарды. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ бөлімшелеріндегі кезектің саны артуына себепші болды.

Осыған байланысты 6 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп туындаған техникалық ақаулықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, бұдан соң қызмет көрсету қайта жалғасады», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, халықты құжаттандыру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтер (жеке куәліктер, паспорттар беру) ХҚО-да штаттық режімде көрсетіледі.

«ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар