ИИДМ Индустриялық даму комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Ілияс Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ілияс Есетұлы Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Астана су арнасы» МҚК инженері болып бастады.

2012-2014 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2014-2016 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.

2016-2017 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2017-2018 жж. — «Евразия» корпорациясы» ЖШС холдинг компаниясының даму және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президенті.

2018-2020 жж. – ҚР және Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын Басқару тобы директорының орынбасары.

2020 жылғы ақпан айынан 2021 жылғы сәуір айының аралығында - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ президенті.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар