+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

ІІ Елизавета қызметін атқаруға кірісті

2021 жылғы 14 сәуір 14:20
Бөлісіңіз:
ІІ Елизавета қызметін атқаруға кірісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ өткен жұма күні жолдасы Эдинбург герцогы Филипп дүниеден өткеннен кейін қызметін атқаруға қайта кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 180-нен астам адам жауапқа тартылды Тәуелсіз Қазақстанның тірі батырлары Көпірден секірген әйелді құтқарған оралдық әскери қызметші медальмен марапатталды

Елизавета ІІ патшалық рәсімдерді ұйымдастыратын Уильям Пилдың лорд-камергердің қызметінен кету салтанатына қатысты.

Уильям Пил өзінің отставкаға кететіні туралы былтыр хабарлаған еді. Ол бұл қызметте 14 жыл жұмыс істеген. Оның орнына МИ-5-тің бұрынғы басшысы Эндрю Паркер келеді. Ол патшайым билігі кезіндегі сегізінші лорд-камергер атанбақ. Қазіргі күні патшаның отбасы екі апталық аза тұтуда. Герцогтың жерлеу рәсімі сенбі күні Виндзор сарайында өтеді. Отбасы мүшелері «өз қызметтеріне сай міндеттерін атқаруда» делінді.

Жексенбі күні патшайымның ұлы Эндрю ІІ- Елизаветаға туралы оның күйеуінің қазасына байланысты «кеудесі өксікке толғанын» айтқан еді. Ол «патшайым біз күткендей, өте мықты адам екенін көрсетті» деп қосты.

Сенбі күні түстен кейін жоспарланған жерлеу рәсімі коронавирус пандемиясы салдарынан шағын, жинақты өтеді. Дегенмен Букингем сарайынан мәлім еткендей, бұл герцогтың өз тілегінен туындаған.

Сонымен қатар BBC News Сассекс герцогы Гарри Ұлыбританияға әйелі Меган Марклсыз ұшып келгенін хабарлайды. Оған дәрігерлер үйде қалуға кеңес берген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT