Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның жастар құрамасы үздік үштікке кіре алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ригада (Латвия) «А» бірінші дивизионы тобында хоккейден жасөспірімдер әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан құрамасы негізгі уақытта екі рет жеңіске жетіп (Норвегия - 5:2, Словения - 7:1) және үш рет ұтылып қалды (Германия - 0:1, Дания - 2:4, Латвия - 1:2).

Нәтижесінде алты ұпаймен турнирдің кестесінде төртінші орынға жайғасты - Дания да алты ұпай жинаған, алайда ол қосымша көрсеткіштер бойынша жоғары тұр.

Командалардың ұпайы мынадай: Латвия - 15 ұпай, Германия - 12, Дания - 6, Қазақстан - 6, Норвегия - 3, Словения - 3.

Осылайша, Латвия құрамасы келесі жылы ТОП-дивизионға қатысуға жолдама алды. 

Соңғы жаңалықтар