Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Польшаны ойсырата ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден 2018 жылғы әлем чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазды «SPORTINFORM» САА.

Қазақстан құрамасының құрамы: Карлссон - Даллмэн-Семёнов, Старченко-Кучин-Рымарев; Лакиза- Метальников, Михайлис-Гренц-Евдокимов; Орехов-Полохов, Маркелов-Сагадеев-Акользин; Ыбырайбеков-, Петухов- Гурков-Асетов, Волков.

Роман Старченко мен Павел Акользин бір минуттың ішінде есепті 2:0-ге етіп, бірінші кезеңді осылай аяқтады. Старченко екінші кезеңде екі рет шайба салса, оны Кшиштоф Запала қысқартты. Соңғы кезеңде поляктардың қақбашылары ауысты, алайда бұл да көмектескен жоқ. Иван Кучин бесінші, ал Старченко алтыншы шайбаны салды.

Осылайша, А тобының бірінші дивизионында  сынға түскен Қазақстан тоғыз ұпайға ие болды. Ұлыбританияның да жалпы ұпайы осындай, Италия, Словения мен Венгрия алты, Польша үш балл жинаған.

Қазақстан - Польша 6:1 (2:0, 2:1, 2:0). 

Соңғы жаңалықтар