Хоккей: Қазақстан чемпионатына БАӘ командасы қатысуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы кезеңде шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатына Біріккен Араб Әмірлігінің командасы қатысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан шайбалы хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Команда аталған мемлекеттің Абу-Даби қаласының атынан қатысады. Қазір команданың бюджеті мен логистика мәселесі талқылануда.

Алдағы Қазақстан чемпионаты 2020 жылдың 25 тамызы мен 2021 жылдың 25 сәуірі аралығында өткізу жоспарланған. Ал кубок ойындары биылғы жылдың желтоқсан айында өткізіледі.

Биыл Қазақстан чемпионатында он отандық команда мен өзбекстандық «Хумо» командасының фарм-клубы бақ сынады.

Бұдан бұрын коронавирус қаупінің алдын-алу мақсатында шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты жеңімпаз анықталмастан тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар