Хоккей: Биылғы әлем чемпионаты толығымен Латвияда өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты толығымен Латвияда өтетін болды. Халықаралық хоккей федерациясы осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, дүбірлі дода биыл Беларусь астанасы - Минск, Латвия астанасы - Рига қалаларында 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізілуі тиіс болатын.

Әлемнің көптеген мемлекеттері мен демеушілер Беларусьтегі саяси жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты оны тізімнен алып тастау жөнінде ұсыныс білдірген.

Осындай ұсыныстарды ескере келе Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы әлем чемпионатының финалдық кезеңі Беларусьте өтпейтінін мәлімдеді.

Латвия жеріндегі дүбірлі додада «Рига Арена» негізгі спорт кешені саналады.

Онда алдымен В тобындағы құрамалар шеберлік байқасады.

Одан кейін екі ширек финал болса, құрамалар келесі кезекте жартылай финал ойындарын өткізеді.

Финал мен үшінші орын үшін сайыс та аталған аренада болады.

Олимпиадалық спорт орталығы әлем чемпионатында екінші арена ретінде енгізілген. Оған 6 мыңнан астам адам сияды.

Мұнда А тобындағы және екі ширек финал ойындар өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, топ-дивизионда биыл Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.


Соңғы жаңалықтар