+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыс» Сочиге аттанды

2019 жылғы 6 желтоқсан 15:54
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыс» Сочиге аттанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» ҚХЛ чемпионатында сырт айдындағы ойындарын өткізу үшін аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалық «Номад» араға бір жыл салып хоккейден Қазақстан чемпионатына оралды «Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды

«Барыс» хоккей клубы мәлім еткендей, жаттықтырушылар штабы осы кездесулерге қатысатын команда құрамын жариялады.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Эдди Паскуале, Сергей Кудрявцев.

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Даррен Диц, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Атте Охтамаа, Максим Семёнов, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Павел Акользин, Дастин Бойд, Линус Виделль, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Корбэн Найт, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.

Жарақатынан айыққан канадалық қорғаушы Джесси Блэкер командаға қайта қосылса, оның отандасы, қақпашы Э.Паскуалені ҚХЛ бір ойынға шеттеткендіктен, ол алдағы матчқа қатыса алмайды.

Андрей Скабелканың шәкірттері 7 желтоқсан күні «Сочи», 9-ында «Авангард» (Омбы) командасымен сынға түседі. Содан кейін 18-інде Нижний Новгородта «Торпедо», 20-сында Подольскіде «Витязь», 22-сінде Мәскеуде «Спартакпен» айдынға шығады.

Осының алдында өз айдынында «Йокерит» клубынан жеңіліп қалған елордалықтар 42 ұпаймен ҚХЛ-дың жалпы кестесінде оныншы, Шығыс конференциясында төртінші орында келеді.

Фото: www.hcbarys.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT