Хоккей: «Барыс» Швейцариядағы турнирде екінші орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» командасы Швейцарияда өткен Lehner Cup маусым алдындағы турнирде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар швейцариялық «Цуга» клубынан - 3:5 есебімен ұтылды. «Барыс» клубынан Аркадий Шестаков, Ярослав Евдокимов, Павел Акользин шайба салды.

Еске сала кетсек, турнирдің бірінші кездесуінде «Барыс» тағы да бір швейцариялық «Амбри-Пиотта» командасын - 4:1 есебімен жеңген еді.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орында «Цуг» клубы тұр, үш ұпаймен «Барыс» екінші орында, «Амбри-Пиотта» үшінші орында, ал чехиялық «Витковице» төртінші орынды алды.

Соңғы жаңалықтар