Хоккей: «Барыс» плей-оффтың алғашқы ойынында «Металлургтен» жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі ойын тартысты өрбіді. Алғашқы екі кезеңнің өзінде командалар бір-бірінің қақпасына тоғыз шайба соқты.
Есепті небәрі 37-секундта «Металлург» хоккейшісі Егор Коробкин соққан болатын. Бұдан кейін «Барыс» сапынан Кирил Панюков 5, Роман Старченко 13, Даррен Диц 15-минуттарда үш шайба соғып кетті.
Екінші кезеңде ресейлік команданың басымдығы байқалды. Олар қатарынан төрт шайба соғып, есепте алға шықты. Бұл голдарды Егор Яковлев 21, Сергей Мизякин 26, Николай Голдобин 28, 33-минуттарда өзінің еншісіне жазды. Оған «Барыс» сапынан Фил Вароне 36-минутта жалғыз шайбамен жауап қайырды.
«Металлург» хоккейшілері Егор Яковлев 52, Николай Прохоркин 53-минуттарда мергендік танытты. Ойында «Барыс» қарсыласына 4:7 есебімен есе жіберді.
Жарыс талабы бойынша плей-офф кезеңінің ширек финалында екі команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады.
Енді «Барыс» Магнитогорскіде 4 наурызда тағы бір ойын өткізеді. Ал 6 және 8 наурыз күндері командалар елордада шеберлік байқасады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндері өткізіледі.
Айта кетерлігі, «Барыс» құрлық хоккей лигасына биыл 13 мәрте қатысты. Соның он бірінде плей-офф сатысында бақ сынады. 2014, 2017, 2019, 2020 жылдарда жарыстың екінші кезеңіне шықты.
- Бокстан әлем чемпионаты: 2 қазақстандық 1/8 финалға шықты
- Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тараз» үздік үштікке көтерілді
- Грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали Азия чемпионы атанды
-
Ақтөбеде суда жүзуден ел біріншілігі өтіп жатыр
-
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» мен «Қайрат» бірдей ұпай жинады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам