Хоккей: «Барыс» «Локомотивтен» есе қайтарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 4 желтоқсанда, елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі кездесуде командалар тартысты ойын көрсетті. Елордалық хоккейшілер ойн бастала салысымен алға қарай ұмтыла түсті. Нәтижесінде 8-минутта «Барыс» хоккейшісі Антон Сагадеев есеп ашты. Ресейлік команда бірінші кезеңде шабуылға шықты. Десе де таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Екінші кезеңде қос команда да бір-бір шайбадан соқты. Ойынның 27-минутында «Локомотив» хоккейшісі Георгий Иванов таразы басын теңестірді. Ал 37-минутта елордалық Мэтт Фрэттин қайтадан «Барысты» алға шығарды. Елордалық Линус Виддель 59-минутта бос тұрған қақпаға гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.
Айта кетелік, 10 қарашада елордалық клуб аталған қарсыласынан 2:7 есебімен жеңіліп қалған еді. Сол жолы кеткен есені «Барыс» бүгін қайтарды.
Енді «Барыс» 6 желтоқсанда Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасын қабылдайды.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын елордалық клуб екі ойын қатарынан жеңіске жеткен болатын.
- Атырауда мас көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланды
- Үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары анықталды
- Ақмола облысының тұрғындары жолдағы қауіпті учаскелерді қосымша арқылы біле алады
- Жамбылда аузымен сурет салып, кесте тоқитын ерекше қыз тұрады
-
ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
-
Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам