+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

2020 жылғы 1 желтоқсан 19:17
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді Хоккей: «Барыс» сырт айдында Финляндия командасын жеңді Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

Екі команда да биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Екеуі де турнир кестесінде төменгі орындарда тұр. Сондықтан олар жеңіске жету жолында бар күшін салатыны анық болатын.

Бүгінгі кездесудің бірінші кезеңінде елордалық клуб жинақы қимыл көрсетті. Шабуылға жиі шықты. Нәтижесінде Роман Старченко 11, Якоб Лилья 12-минутта мергендігімен көзге түсті.

Айта кетерлігі, бүгінгі кездесуде ресейлік клуб хоккейшілері жиі тәртіп бұзды. Осылайша «Барыс» қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасынан басым түсті.

Айта кетерлігі, осылайша «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті.

Енді «Барыс» 4 желтоқсанда елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT