Хоккей: «Барыс Аренаға» жанкүйерлер қайта кіретін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Барыс Арена» стадионына жанкүйерлер қайта кіретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Instagram -дағы парақшасында мәлім етті.

«Барлығы да хоккейге! Хоккей жанкүйерлері үшін жақсы жаңалық. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Құрлықтық хоккей лигасы аясында плей-офф

матчтарын толымдылығы 30 пайыздан аспайтындай жанкүйерлердің қатысуымен өткізуге рұқсат берілді. Ертең, 6 наурыз күні сағат 17.00-де «Барыс» «Металлургпен» күш сынасады», деп жазды С.Сәпиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» овертаймда «Металлургтан» басым түскенін жазған болатынбыз.

Ойындар сериясында екі матчтан кейін есеп тең – 1:1.




Соңғы жаңалықтар