ХОК Солтүстік Кореяны Бейжіңдегі Олимпиада ойындарынан шеттетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Корей халық демократиялық республикасын Ұлттық олимпиада комитетін 2022 жылдың соңына дейін шететті, деді ХОК басшысы Томас Бах. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

КХДР 23 шілдеден 8 тамызға дейін өткен Токиодағы Олимпиадаға қатысқан жоқ.

«Тек КХДР Ойындарға қатыспады. Олар хартияны бұзып, өз міндеттерін орындамады. Біз КХДР-ді 2022 жылдың соңына дейін шететту жөнінде шешім қабылдадық. ХОК шеттету мерзімін қайта қарау құқығына ие», - деді Томас Бах YouTube арқылы тікелей эфирден көрсетілген баспасөз мәслихатында.

«КХДР ҰОК шеттетілу кезінде ХОК бағдарламасын жүзеге асыруға немесе оның қолдауына ие бола алмайды. Егер КХДР спортшылары Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына іріктеуден өткен жағдайда, ХОК атқару комитеті уақыт өте келе осы атлеттерге қатысты сәйкес шешім қабылдайды», - деді ол.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.

Еске салайық, Қытайдағы қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасы да қатысады.


Соңғы жаңалықтар