+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ХҚО өкілдері алматылықтарды өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды

2020 жылғы 6 тамыз 11:28
Бөлісіңіз:
ХҚО өкілдері алматылықтарды өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы Мамандандырылған ХҚО аумағындағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп алдын алу шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Иммунитетті көтеру үшін не істеу керек – иммунолог Қатия Тәжиевамен сұхбат Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды Камалжан Надыров: Дәл қазіргідей жағдайда тұмауға қарсы вакцинаның маңызы зор

Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының басшылығы, қауіпсіздік жөніндегі өкіл, полиция қызметкерлері және Жедел әрекет ететін арнайы жасақ сарбаздары қатысты.

Шараны ұйымдастырушылар автокөлік иелерін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының аумағында өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен жүйелі түрде осындай іс-шаралар өткізіп тұрады. Анықталған құқықбұзушылық фактілері болып жатса, филиалдың қауіпсіздік қызметі ішкі тергеу жүргізіп, кінәлілерге тәртіптік жаза қолданылады. Бүгін де кезекті рет ХҚО аумағында «делдалдардың» заңсыз әрекеттерін болдырмаудың алдын алу шараларын жүргіздік. Сонымен қатар, карантин кезіндегі сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию қажеттілігі жайлы түсіндірдік», - дейді филиал директоры Данияр Қырықбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT