ХҚКО-да «жеңілдік терезесі» арқылы 102 мың қазақстандыққа қызмет көрсетілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Карантин кезінде 4 мыңнан астам қостанайлыққа халыққа қызмет көрсету орталығының жеңілдік терезесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен аймақ ХҚКО-ларында «жеңілдік терезесі» жұмыс істей бастаған-ды. Бұл зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасылар үшін ұйымдастырылған. «Жеңілдік терезесіне» міндетті түрде онлайн түрде кезекке тұрасыз, уақытын алдын ала брондау қажет.

«Төтенше жағдай режимі кезінде Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыстың жаңа форматына көшті. Қазіргі күні мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде қолжетімді. Азаматтардың үш санаты (зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер) бұрынғыдай ХҚКО-да электрондық қызметтерді ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін «жеңілдік терезелері» ұйымдастырылған. Қазір бұл қызметке сұраныс артқан. Жеңілдік терезесіне онлайн түрде кезек уақытын алдын ала брондау egov.kz порталы, немесе 1414 байланыс орталығы арқылы іске асады. Брондау сервисінің қызметі жетілдірілген. Көп уақытты алмайды», делінген «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз хабарламасында.

Жалпы, карантин шектеулері аясында жұмысын қайта бастаған ХҚКО-лардағы жеңілдік терезесі арқылы 102 мың қазақстандыққа қызмет көрсетілген.


Соңғы жаңалықтар