ХҚО ақпараттық жүйесі кідіріспен жұмыс істеп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қолданылатын ақпараттық жүйелер кідіріспен жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қызмет алушылардың назарына! Бүгін тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жұмылдырылған бөлек ақпараттық жүйелер кідіріспен жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты, азаматтардың ХҚО мен автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚО-ға адамдар көптеп жиналып қалды. Қазіргі кезде «Ұлттық ақпараттық жүйелер» АҚ мамандары техникалық ақауларды жоюмен айналысып жатыр. Әрбір азаматқа сабыр сақтауды, халық көп жиналатын орындардан алыс жүріп, мүмкіндігінше мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн алуын сұраймыз», - делінген хабарламада.
- Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды
- «Boxam» турнирі: Қазақстандық боксшы финалға өтті
- ШҚО әкімі жемісті еңбек еткен әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
- Өрт сөндіруші болуды бала кезден армандадым - Арайлым Қажытаева
-
СҚО-дағы әйелдер колониясында келіндер байқауы өтті
-
Ақмола облысының бас полицейі қаза тапқан әріптесінің отбасын мерекемен құттықтады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам