Хиджап таққан 2 оқушы сабаққа келмей жүр – Ақтөбе облысының әкімі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хиджап таққан 2 қыздың сабаққа келмей отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр 7 қыз бала осы жағдайға байланысты оқу жылының ішінде мектепке келген жоқ. Биыл небәрі екі қыз бала. Менің ойымша, бұл жерде қыздарға арналған жеке мектептің ашылуы, екінші жағынан түсіндіру жұмыстары оң әсер етті. Меніңше, осы салада өршіп бара жатқан үлкен проблема жоқ», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай .

Осы ретте облыс басшысы зайырлы мемлекет болған соң балаларды тиісті біліммен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

«Соған байланысты мектепте қолданылатын ережелерді сақтауымыз керек. Жалпы осы мәселеге байланысты ата-аналарда түсінік бар. Қазіргі таңда олардың саны едәуір азайды. Менің ойымша, болашақта бұл үлкен проблемаға айналмауы тиіс», - дейді Оңдасын Оразалин.

Соңғы жаңалықтар