+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Helios дизель отынының қымбаттау себебін түсіндірді

2021 жылғы 28 қыркүйек 16:33
Бөлісіңіз:
Helios дизель отынының қымбаттау себебін түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Helios» компаниясының өкілі Денис Трандафилов дизель отынының қымбаттау себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Маркетинг және сату департаментінің директоры Денис Трандафиловтың айтуынша, қазіргі уақытта кейбір жанармай бекеттерінде дизель бағасы құбылып тұр.

Оның басты себебі - тапшылық.

«Дизель отынының тапшылығы мен қымбаттауына бірнеше себеп бар. Атап айтар болсам, біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал ұлғайды. Сонымен қатар біздің елде дизельдің бағасы көрші елдермен салыстырғанда төмен. Екіншіден, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егін жинау науқаны басталды және жол құрылысының маусымы аяқталды. Үшіншіден, мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары да әсер етті. Төртіншіден, импорт жеткізілімдерінің болмауы»,- дейді «Helios» компаниясының өкілі Денис Трандафилов.

Спикердің сөзінше, жағдайды тұрақтандыру үшін қазан айында жүз мың тоннаға жуық дизель отынын импорттау қажет.

«Қазіргі уақытта біз ресейлік мұнай өнімдерін өндірушілермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Дизель отынының импорттық бағасының жоғары болуына қарамастан, оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін сатып алу өте маңызды, содан кейін жанармай бекеттерінде бағаны тиісті түрде түзету қажет, бұл елдегі дизель отынына қатысты жағдайды тұрақтандырады»,- дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT