+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Ханс-Петер Фридрих: Қазақстан тұрақтылықтың арқасында қарқынды серпіліс жасады

2019 жылғы 24 қыркүйек 18:35
Бөлісіңіз:
Ханс-Петер Фридрих: Қазақстан тұрақтылықтың арқасында қарқынды серпіліс жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Германия Федеративті Республикасы Бундестаг төрағасының орынбасары Ханс-Петер Фридрихпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ғарышкерлер жасағына іріктеу жүріп жатыр – Айдын Айымбетов Ақмолада «Үздік бастауыш ұйым» байқауының облыстық кезеңіндегі жеңімпаздар марапатталды «Ауыл» партиясы Президенттің жер туралы тапсырмаларына қолдау білдірді

Тараптар өзара партияаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, «жаңа» медианың елдегі қоғамдық-саяси ахуалға ықпалын, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясын қайта жандандырудағы негізгі бағыттарды талқылады.

Бүгінде Қазақстан мен Германия арасындағы сенімді серіктестіктің арқасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамуда. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 5,9 пайызға өсіп, жаңа тарихи мәнге – 5,1 млрд. еуроға жетті. Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналады. Ал екіжақты сауда-саттықтың жалпы көлемі Германияның осы аймақтағы елдерімен сыртқы сауда операцияларының 85 пайыздан астамын құрайды.

«70 жыл бойы Германияның саяси жүйесі тұрақты болды. Соның арқасында біз экономикалық зор табысқа қол жеткіздік. Дегенмен, заман талабы өзгеруде, қазір біздің федералды жиынымызда алты фракция бар. Біз саяси тұрақтылықтың арқасында Қазақстанның 30 жылға жуық уақыттың ішінде мықты серпіліс жасағанын көріп отырмыз. Жұртшылық тұрақтылықтың аса үлкен құндылық екенін түсінуі тиіс. Себебі, ол экономиканың тірегі. Біз әлі де болса бұл жолға қайта ораламыз деп сенемін. Сәт сайын өзгеріп жатқан әлемде барлығымыздың алдымызда жаңа сынақтар кездесетіні анық. Мәселен, жаңа технологиялардың дамуымен қатар, цифрлық саладағы заңдылықтарды сақтауды, мораль мен әдеп, дәстүрлі құндылықтарды насихаттауды қамтамасыз ету қажет», – деді Ханс-Петер Фридрих.

Орталық аппараттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Германияның Христиан-демократиялық одағы партиясының және Қазақстандағы К.Аденауэр атындағы қордың өкілдерімен де кездесу өткізген.

Кездесу барысында тараптар партиялық праймериз рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібін талқылады. Бұл рәсімді ХДО партияішілік демократияны қарқынды дамыту үшін сайлау науқаны барысында қолданып келеді. Сайлау науқаны және сайлауаралық кезеңде де партияның жаңа көшбасшыларын анықтау мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT