Халықты баспанамен қамтуда алға шыққан үш өңір белгілі болды
«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да оң динамика байқалып отыр. Биылғы қаңтар-тамызда 8,9 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсімі 10,5%-ды құрады. Есепті кезеңде барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады», - деді министр.
Ал ауыл шаруашылығында республика бойынша орташа өсім 2% болған.
14 өңірде оң динамика тіркелсе, соның ішінде ең жоғарғы өсім - Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі.
«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 5 өңірде – Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады. Ал, 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсім бар. 3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалды», - деді Әсет Ерғалиев.