Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек азаймай тұр – Әділ Қожықов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет алуға келушілердің қарасы азаймай тұр. Мәселенің мән-жайы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы пандемияға байланысты ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталығы) мен фронт-кеңселердің жұмыс уақытын қысқартып, тіпті онлайнға ауыстырдық. Халықтың Электронды Үкімет порталы, Call орталыққа хабарласу және біздің мамандармен бейнебайланыс арқылы қызмет алу мүмкіндігі болды. Жай уақытта еліміз бойынша күніне ХҚКО-на 70 мың адам келіп-кетеді. Осы тұста біздің мақсат – халықтың келуін азайтып, қызметті онлайн түрде қолжетімді ету. Сондай-ақ, клиенттерге ыңлайлы болуы үшін фронт-кеңселерден өз-өзіне қызмет көрсету бұрышында ашып қойдық. Әрине кеңес қажет болса біздің мамандар қол ұшын созуға әзір. Бізге келушілерге қызмет алуды бір рет көрсетіп одан әрі келудің қажеті жоқтығын түсіндіріп жатырмыз. Дегенмен ХҚКО-ғы кезек азаймай тұр», - деді Әділ Қожықов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен Antikor Live жобасының эфирінде.

Оның сөзінше, бүгінде көп қызметті онлайн алуға болады.

Бұған дейін корпорация басшысы қазақстандықтардың қағазбастылықтан арылатынын айтып сендірді.



Соңғы жаңалықтар