«Халыққа көмек»: Қостанайда консультациялық орталық ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы «Zhas Otan» жастар қанатының консультациялық орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл орталықта тұрғындар әлеуметтік, тұрмыстық мәселелер бойынша сауалдарына тегін жауап ала алады. «Zhas Otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары Айкүнім Қасеннің сөзінше, қостанайлықтар көбіне тұрғын үй бағдарламасы, жұмыспен қамту және медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтармен жүгінеді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде «Халыққа көмек» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Қазір осы жоба аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінде кеңес орталықтары ашылып жатыр. Соның бірін біз де қолға алдық. Егер қала тұрғындарынан сұраныс болса, мұндай орталық қаланың басқа да орындарынан ашылады. Басты мақсатымыз – халыққа жақындау, елдің кәдесіне жарау», - дейді Айкүнім Қасен.

Кеңес орталығы күндізгі сағат 11:00-ден кешкі 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғындар сұрағына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары жауап береді. Алғашқы күні орталыққа 30-ға жуық адам кеңес сұрап келген.


Соңғы жаңалықтар