Халықаралық жүк тасымалдаушылардан коронавирусқа анықтама талап етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –26 қазаннан бастап халықаралық транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілерден коронавирусқа ПТР-тест анықтамасы талап етіледі. Бұл туралы толығырақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде коронавирус жұқтыру деңгейі өсіп бара жатқанын атап өту керек. Бүгінге дейін індет 215 елге тараған. Әлемде коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 41 миллионнан асып кетті. 1 миллион 128 мың 931 адам қайтыс болды. Яғни Еуропа мен Азияда коронавирус жұқтыру деңгейі азаймай тұр», - деді Айжан Есмағамбетова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысы бұрын автокөлік арқылы Қазақстан шекарасына кіретін жолаушылардан ғана ПТР-анықтама талап етіліп келгенін еске салды.

«Халықаралық транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер ПТР-тест анықтамасыз жүре беретін. 26 қазаннан бастап ондай жүргізушілерден де ПТР-тест анықтамасы талап етілетін болады. Бұл анықтама болмаған жағдайда олар шекарада тестілеуден өтуге міндеттеледі. Егер олардың ішінен коронавирус жұқтырғаны анықталса, олар тоқтаған жеріндегі ауруханаға жатқызылады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар