Халықаралық транзиттік пойыздардың қашан іске қосылатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жолаушылар пойызын іске қосудың екінші кезеңіне сәйкес, жол жүруді жаңарту 2020 жылдың 10 маусымынан басталады, деп хабаарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыздардың 39 жұбын іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 6 тальго, 14 стандартты және 19 қала маңы.

Бөтен құрамды халықаралық транзиттік пойыздардың 21 жұбы көршілес Темір жол әкімшіліктерінен жеделхаттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Іске қосудың бірінші кезеңінде жолаушылар пойызының 54 жұбы қатынайтын болады. 1 маусымнан бастап-35 жұп пойыз, 2 маусымнан бастап-11 және 3 маусымнан бастап-8 жұп пойыздар.
Жол жүру билеттерін сату ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап ашылды және 2 маусымдағы жағдай бойынша 490 мың билет сатылды және 51,6 мың жолаушы тасымалданды.
Жолаушыларды тасымалдау кезінде келесі санитарлық талаптар шаралары қамтамасыз етілген:
- көліктегі мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 мамырдағы №9 талаптарын сақтау жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіздік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету (1 метрден кем емес).
- жолаушылардың жеке қорғану құралдарының (маскалар) міндетті болуын және алып жүруін бақылау);
- жолаушыларды дауыс зорайтқыш байланыс бойынша жолаушылар қозғалысын шектеу талаптары туралы хабардар ету;
- жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы ылғалды тазалау жүргізу;
- жолсеріктерді медициналық маскалармен қамтамасыз ету;
- қалыптастыру пункттерінде жылжымалы құрамды дезинфекциялау.


Соңғы жаңалықтар